Рудный қаласы әкімінің 2018 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында тезисі

Рудный қаласының 2018 жылғы  әлеуметтік-экономикалық дамуы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауларында және Рудный қаласын аумағын 2020 жылға дейін дамыту Бағдарламасында атап көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келді.

         Есеп беру кезеңінде атқарушы биліктің қызметі қала шаруашылығының қызметі арқылы тұрғындардың өмір сүру деңгейлерін, сонымен қатар білім беру, медициналық және әлеуметтік қызметтерді арттыруға бағытталды.

         Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары есеп беру жыл кезеңінде  өнеркәсіптің өндіріс көлемін жоспарлы тұрғыда арттырды.

Нақты индекс көлемі – 114,3%-ды құрады, 325,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді, ол өткен 2017 жылдан 18,3%-ға артық.

Өнеркәсіп өнімінің өндіретін өнімінің 80%-дан астамын «ССКӨБ» АҚ қалақұрушы кәсіпорны құрайды. Есеп беру кезеңінде кәсіпорын өнеркәсіп өнімінің көлемін 18%-ға артыруға қол жеткізді.

Ай сайыңғы тұрақты өсім өнеркәсіпті қайта өңдеу кәсіпорындары арқылы жеткізілді. Отқа төзімді өнімдер  - 65%-ға,  сүт өнімі – 3%-ға, кірпіш – 51%-ға, тұрмыстық химия - 40%-ға, сыра 9,5%-ға артты.

Қала кәсіпорындары өнеркәсіпті жандандыруға үнемі жұмыс істейді, цифрлы технологияларды қолдану арқылы жаңа жобаларды енгізеді. Бұл іс-шаралар шығарылған өнімді, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі – 52,4 млрд. теңгені, нақты индекс көлемі – 103,4% құрады.

Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудан бастап қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарында 35,8 млрд. теңге сомасына 9 инвестициялық жоба іке асырылды, 1161 жаңа жұмыс орындары құрылды. Ағымдағы жылы инвестиция көлемі 16,8 млрд. теңгені құрайтын  Рудный цемент зауытының құрылысы аяқталды. Зауыт пайдалануға берілді.

Индустриализация Картасынан тыс ағымдағы жылы 11 инвестициялық жоба іске асырылды: «Өндірісті жаңғырту», «Фирма «Арасан» ЖШС Рудный филиалының ЖШС;  «Зарарсыздандыру құралдарын өндіретін  зауыттың құрылысы» - «МедиДез» ҒӨБ ЖШС»; «Жас-Қанат 2006» ЖШС құс фабрикасын жаңғыртудың төртінші кезеңі», «Вагон салу зауыты» ЖШС мал алаңын салу, думпкарға қосалқы бөлшектер өндіру бойынша желісін енгізу, «Казогнеупор 2015» ЖШС  отқа төзімді өнімдерді өндіру үшін ұсақтап-бөлу кешенін орнату, «Аманат» СҮ ЖШС тез дайындалатын картопты орау бойынша жаңа өндіріс желісін енгізу, «Кинофильмдерді көрсетуді ұйымдастыру үшін» «Горняк» ЖШС қайта жаңарту жүргізілді, «Желқуар» ЖШС  емханасына диагностикалық кешен салынды, 7 шағынауданда «Денерная» шатханасы, 20 шағынауданда «Пятерка» супермаркеті салынды.

2018 жыл ішінде 24 092 шаршы метрге тұрғын үй пайдалануға берілді, ол тұрғын үйді салудың бекітілген жоспардың 148,7% құрайды. Президенттің бірінші бастамасын жүзеге асыру аясында - тұрғын үй сатып алу үшін жаңа мүмкіндіктер "7-20-25" атты бағдарлама бойынша қалада 11 үй салу жоспарлануда. Ағымдағы жылы жоба-сметалық құжаттама әзірленді, 2 тұрғын үйдің құрылысына конкурс жарияланды.

Жеке тұрғын үй құрылысына және 39 кварталдың көп қабатты құрылысы шағын аудандарында инженерлік коммуникациялар құрылысының жобалары бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірленді.

2018 жылы Рудный қаласының 39 кварталының инженерлік коммуникацияларын салу үшін 3 жоба іске асырылды (электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау желілері). Жобалардың жалпы сомасы -  564,3 млн. теңгені құрайды.

Жолдарды орташа жөндеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, жалпы сомасы 854,6 млн.теңгеге 170,5 мың шаршы метрге қаланың жолдары жөнделді. Жылу беру маусымына 4,8 км жылу желілері, 10,4 км су құбыры желілері, 4,1 км кәріз желілері, 17 км электр желілері жөнделді. Рудный жылу орталығы жылыту маусымын өткізу үшін қажетті көмір қорын дайындады.

2018 жылы Рудный қаласында жалпы сомасы 27,5 млн.теңге сомасына балалар ойын алаңдарымен 5 ауланы абаттандыру бойынша жұмыс жүргізілді.

"Достық" саябағында шолу дөңгелегі салынып, пайдалануға берілді.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалада 8069 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі -76,2%.

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 28 жоба, кепілдендіру бойынша - 22 жоба мақұлданды. "Қос қолдау" аймақтық қаржыландыру бағдарламасы бойынша 1 жоба мақұлданды.

Шағын және орта бизнесті қаржылай емес қолдау аясында 38 кәсіпкер сервистік қолдау алды, 908 адам кеңес алды. "Бизнес-кеңесші" - 35 адам, "Бизнес-Өсу" - 20 адам, "Іскерлік байланыстар" - 2, "Ашық бизнес"- 26 адам, гранттық қаржыландыру - 2 кәсіпкер оқудан өтіп, сертификат алды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың       2017-2021 жылдарға арналған  бағдарламасы белсенді іске асырылуда. "Қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіби оқытумен қамтамасыз ету" Бағдарламасының бірінші бағытын жүзеге асыру аясында 2018 жылы 176 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 147 адам техникалық және кәсіптік оқу оқып жатыр олар оқуларын 2021 жылы  аяқтайды.

Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру шеңберінде 114,6 млн.теңге сомасына 11 шағын несие берілді, оның ішінде 28,9 млн. теңге несиелерді кепілдендіру және 2,2 млн. теңге сомасына жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 9 грант берілді.

"Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту" үшінші бағытын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына 1140 адам тартылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 189 адам, жастар практикасына 66 адам, қоғамдық жұмыстарға 471 адам.

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды іске асыру еңбек нарығындағы жағдайға және қала тұрғындары арасындағы кедейлік деңгейін төмендету көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың 1 қаңтарына 0,2% құрады.

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шараларынан басқа, аз қамтылған тұрғындарды әлеуметтік қолдаудың түрлі түрлері көрсетіледі, ол бойынша орындалуы 85,4 млн.теңгені құрады.

2018 жылы мүгедектердің мұқтаждығына 14 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделген, бұл жылдық жоспардың 100% - ы.

Орташа айлық жалақы 11%-ға өсті және қала бойынша 152 мың 094 теңгені құрайды.

Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе - 28-ден 42,5 мың теңгеге дейін арттыру бөлігінде кәсіпорын басшыларымен жұмысшылардың жалақысын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл тікелей қатысы барлық салаларында меншіктің барлық формаларындағы кәсіпорындарда  40 мыңнан астам рудныйлықтар жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Президент білім, ғылым және денсаулық сақтау шығындарын барлық көздерден ұлғайту міндетін қойды.

Рудный қаласы білім берілуіне шығыстар жылына 4,5 млрд.теңгені немесе қалалық бюджет шығыстары сомасының 28%-н құрайды. Алдағы жылдары бұл соманы ұлғайту жоспарланып отыр.

Біздің қаламызда мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезектіліктің жоғары мәселесі өзекті болып отыр. осы мәселені шешу үшін осы секторға жеке инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2018 жылы екі жеке шағын орталықта мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған: Рудный қ., Горький к-сі, 72 мекенжайы бойынша 130 орындық "ТДТ-2018" ЖШС және Рудный қ., Парк к-сі, 86/1 құрылыс мекенжайы бойынша 55 орындық "Фиалка-2018" ЖШС. Сондай-ақ, Сандригайло к-сі 57а бойындағы 265 орындық балабақша ғимаратын қалпына келтіру бойынша мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін  қолдана отырып жұмыстар жүргізуге конкурс жарияланды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту салдарынан 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 88,1% - ды құрады, мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100% - ды құрады. Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына орын алу кезегінде 5431 адам тұр.

2018 жылдың қазан айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және жолдама берудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Бұл жаңашылдық ата-аналарға кезектің жылжуын өз бетімен қадағалауға және мектепке дейінгі ұйымды таңдауға, ата-аналардың уақытын үнемдеуге және балабақшаларға қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2018 жылдың желтоқсан айында мектепке балаларды қабылдау автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Бұдан былай ата-аналар баланы үйден шықпай-ақ мектепке қабылдау туралы өтініш бере алады.

Оқу жылының басында оқушылар контингенті 15810 адамды құрады      (0-11 сынып), бұл өткен оқу жылының сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 546 оқушыға артық. 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша қала бойынша білім сапасы 60,1% құрады. оқу жылын "жақсы" және "өте жақсы" - 8365 адам аяқтады.

Жалпы орта білім туралы ерекше үлгідегі "Алтын белгі" аттестатын 6 түлек, үздік аттестатты 7 адам алды.

Қала мектептерінде оқушылардың 70% оқитын жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылады. Бұл үрдіс келесі оқу жылында аяқталады.

2018 жылдың жазғы кезеңінде 13 064 бала мен жасөспірім жазғы демалыспен және сауықтырумен қамтылды ол жалпы оқушылардың 97% құрады. Көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балалары жыл сайын жалпыға міндетті білім беру қорының қаражаты есебінен қала сыртындағы лагерьлерге тегін жолдамалар алады. Ағымдағы жылы 103 балаға жолдама алынды.

Қаланың білім беру кеңістігі 2216 дербес компьютерлермен қамтамасыз етілген. Оқушылардың 1 компьютерге қамтылу көрсеткіші 1 компьютерге 9,3 оқушыны құрады.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында ІТ-бағыт пен робототехниканы дамыту үшін Қазақстанның барлық облыстарында әкімдіктер мен жеке инвестициялардың қолдауымен робототехника, бағдарламалау және 3D-модельдеу кластары ашылады.

 Осы оқу жылынан бастап 7 жоба іске асырылды.  2 мектепте  IT – технологиялық  (№ 4 мектеп-лицей, № 17 ОМ) және Даму және шығармашылық сарайында кабинеттер ашылды, 2 стем-зертханалар  (№ 4 гимназия, № 17 Қашар ОМ), лего-құрастыру бойынша 2 балабақшада               (№ 14, № 15 ) сабақтар өткізілді.

Жоба демеушілері: ERG тобы, «Казогнеупор - 2015» ЖШС, «Жас- Қанат 2006» ЖШС, «Хан» ЖК, жалпы игерілген қаражат соммасы 25 млн. 830 мың тенге. Бұл Рудный қаласының білім беру саласына салынған қаражат болашақ технологияны игеруге қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңіту және балалар өнерінің техникасын жаңа бағытта дамытуға ықпал етеді.

Қостанай облысы республика бойынша цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша екінші позицияда орналасқан,  Рудный қаласы облыс бойынша 2 орында. орындалған жұмыстың нәтижелілігін дәлелдейтін факт, ол BilimLand  порталын қолдану бойынша № 19 ОМ, республика ішінде үздік       10-тың қатарына кірді.

Қалада 80 клубтық қауымдастық жұмыс істейді, онда 1757 адам айналысады.

2018 жылда 1507 іс-шара өткізілді, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер – 615, қайырымдылық – 511.

Жыл ішінде өнерлі ұжым және Рудный қаласының орындаушылары облыстық, республикалық, мемлекет аралық деңгейдегі  конкурстар және фестивальдарға белсенді қатысты, 50 –ден астам жүлделі орындарға ие болды – бұл біздің  әуесқой әртістеріміздің шеберлігінің өте  жоғары бағасы.

Қалада 98 дене шынықтыру ұжымы жұмыс істейді. Спортпен  41 мыңнан астам адам айналысады, немесе халықтың 32 %. Жалпы – спортық 76 мыңнан астам адамды қамтитын 453 іс-шаралары өткізілді. 2018 жыл бойынша 733 жалпы спорттық разряд, 35 төрешілер категориясы және 10 жаттықтырушы дәрежесі тағайындалған.

Қуана айтатын болсақ, біздің қаланың спортшылары республикалық және халықаралық  жарыстарда жүлделі орындарды иеленді, 8 медальмен жеңіске жетті, оның  ішінде: 3- алтын, 4 – күміс, 1- қола.

Рудный спортшыларының Чемпионаттық және облыстық Біріншілік, Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы, қала тұрғындары арасында дене шынықтыру және спортты насихаттауға себеп болды.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша жұмыс жалғасуда. «Рудный -2017» спорттық клуб негізінде асық ойнау, қазақ күресі, тоғызқұмалақ бойынша жаттықтырушы жұмыс істейді. Жалпы біріккен қауымдастықта жекпежекті дамытуда.

Қалада өткізілетін барлық іс-шаралар, белсенді азаматтық позицияны қалыптастыруға бағытталған, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, азаматтық консолидация, және де бірлікпен  келісімді нығайту. олардың басты қорытындысы  қоғамдық - саяси ахуалдың тұрақтылығы. Ай сайын жүргізілетін идиологиялық жұмыстар Ел басының Жолдауындағы негізгі басымдықтар, мемлекеттік бағдарламалардың іске асыру бойынша халыққа жеткізу.

         Қалада 3 саяси партияларының филиалы  жұмыс істейді, олармен нақты өзара қарым қатынас жүйесі орнатылған. Саяси партиялар көшбасшылары қаланың қоғамдық- саяси өміріне қатысады.

         Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі, жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу болып табылады.

          Қалада және Қашар кентінде  Халыққа қызмет көрсету орталығы                 3 филиалы мемлекттік қызметтерге қол жеткізу үшін «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді.

         Қызмет алу кезеңін жеңілдету мақсатында ХҚКО-да «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда әрбір клиент электрондық қызметті дербес немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемкорпорация қызметкерінің көмегімен ала алады.

         2018 жыл бойынша 124 870 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жергілікті орындаушы орган арқылы – 20 221 қызмет (немесе 16,2%), «Азаматтарға арналған үкімет» Мемкорпорациясы арқылы - 11 383 мемлекеттік қызмет (немесе 9.1%), сонымен қатар электронды тұрде  - 93 166 қызмет (немесе 74.6 %).

       Елбасының және Үкіметтің алға қойған  міндеттерін іске асыру бойынша біздің қол жеткізген жетістіктеріміз, - бұл жергілікті атқарушы органдардың және қаланың барлық тұрғындарының үйлесімді жұмысының нәтижесі.

        Экономикалық және рухани әлеуеті бар қала, бізге әлеуметтік-экономикалық даму және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға  өңірлердің алдында тұрған барлық мақсаттарды орындалады деп айтуына негіз береді.

Logo 25

m 3 0 kz

simvily ru