БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

article697Рудный қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 313 «Рудный қаласының 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына

 

Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және  бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы  № 313 «Рудный қаласының  2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы әзірленді.

Аталған шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Рудный қаласының       2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджетінің көлемдерін нақтылау болып табылады.

Жоба 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.

Аталған нормативтік құқықтық актінің жобасы қарастырады:

Рудный қаласы бюджетінің кіріс бөлігін түзету және оны  225 700 мың теңге сомасына ұлғайту (салықтық түсімдер есебінен);

қала бюджетінің шығыс бөлігін 221 912,5 мың теңге сомасына сәйкесінше ұлғайту;

мамандарды әлеуметтік қолдау бойынша іс-шараларды іске асыру үшін 3 787,5 мың теңге сомасына бюджеттік кредиттер.

Осылайша, жобаны қабылдау бюджеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың бюджеттік заңнаманы сақтай отырып үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында сонымен қатар 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Рудный қаласының қалалық бюджетін сапалы орындау үшін қажет.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:

https://legalacts.egov.kz/list?&page=28&status=IN_ARCHIVE    

 

 

 

Logo 25

m 3 0 kz

simvily ru