Бөлімнің ережесі

Рудный қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «16 » мамырдағы
№ 510 қаулысымен
бекітілген


Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1.    Жалпы ережелер

1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономика және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi
бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтіледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты
болып табылады.
12. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік  бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.


2. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

14. Миссиясы: Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Рудный қаласында экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асырады.
    15. Міндеттері:  
1) әлеуметтік–экономикалық даму басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін жоспарлау жүйесін дамыту;  
2) елдегі және қаладағы экономикалық жағдайдың өзгеруіне уақтылы мән беру және қала экономикасын тұрақтандыру бойынша шара қолдану;   
3) инвестициялық белсенділікті арттыруға жәрдемдесу;
4) экономикалық жоспарлауды жетілдіру;
5) нәтижеге бағытталған үш жылдық бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру.
16. Функциялары:  
1) Рудный қаласының аумағын дамыту бағдарламасының жобасын және Рудный қаласының аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі         іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
2) Рудный қаласының аумағын дамыту бағдарламасына мониторинг жүргізу;
3) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (Рудный қаласының аумағын дамыту бағдарламасы, қалалық бюджетті әзірлеу бойынша) әрі қарай жұмыс істеуі бойынша негізгі нормаларды түсіндіру;
4) қалалық бюджетті әзірлеу, әкімдік қарауына бюджет жобасын енгізу;
5) экономиканы қаржылық қалпына келтіру бойынша шараларды әзірлеу және қала әкіміне ұсыныстар енгізу;
6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар құрылымдарын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
7) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік, мәдени объектілерді және тұрғын үйді салу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
8) қалалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар енгізу;
9) Рудный қаласының бюджет комиссиясы қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру, бюджет комиссиясы отырысының хаттамасын дайындау;
10) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін құру;
11) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын келісу;
12) қала экономикасының жағдайын талдау;
13) бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және қала әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын орындау бойынша есептерді әзірлеу;
14) Рудный қаласы кәсіпорындарының қызметін талдау;
15) қала бойынша экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындау бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу жөнінде бөлімдердің, қалалық әлеуметтік және қаржы қызметтерінің жұмысын үйлестіру;
16) әкімдік отырыстарына әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша әкімнің баяндамасын және сөзін дайындау;
17) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері  шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмасудың басым бағыттары, тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындау;
18) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін  Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де басқа заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан қарау;
19) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жіберу;
20) заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
21) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
22) Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша қала әкіміне, «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ұсыныстар енгізу;
2) қала кәсіпорындарының, ұйымдарының және мекемелерінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындауына мониторинг жүргізуді жүзеге асыру;
3) сұрау бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және барлық меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерден ақпарат, құжаттар және өзге де материалдарды алу;       
4)  Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамасын сақтау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңмен белгіленген мерзімде қарауды, олар бойынша қажетті шараларды қолдануды қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.    
 

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

    18. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесін басшылықты Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын Рудный қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.  
20. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары бар.
21. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының  өкілеттігі:
1) Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
2) Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген  функцияларды орындауға жеке жауап береді;
3) Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің өкілеттіктерін белгілейді;
4) заңнамада белгілеген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады, жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау және босату жөніндегі бұйрықтарға қол қояды;
5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
6) Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлері орындау үшін міндетті бұйрықтарға қол қояды;
7) Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы, штаттық саны және штаттық кестесі бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды әкімге бекітуге енгізеді, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспары бойынша қаражаттарды үнемдеу шегінде бөлім қызметкерлеріне материалдық көтермелеу мөлшерін, қосымша ақы белгілейді;
8) өзінің құзыретіне жататын өзге мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға  орындайды.
22. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.


4. Мемлекеттік органның мүлкі

23.     Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және  Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен  билік етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
      
26. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Logo 25

m 3 0 kz

simvily ru