Рудный қаласының 2019-2021 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (бекітілген бюджет)

1. Бөлім Бюджеттік процесс.

 Бюджет процесi – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, мемлекеттiк органдардың қызметi. 

 

 001

Бюджеттік процесс бірыңғай бюджет сыныптамасының негізінде іске асырылады.

2. Бөлім Жоспарлау кезеңі

 

002

3. Бөлім Бюджет жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау) сатысында

 

3.1  Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері

-  жалақының орташа мөлшері – 42 500 теңге;

-  мемлекеттік негізгі ең төмен зейнетақы төлемінің көлемі – 16 037 теңге;

-  ең төмен зейнетақы  көлемі – 36 108 теңге;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақы тағайындау, сонымен қатар айыппұл санкцияларын, салық және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2 525 теңге;

- негізгі әлеуметтік төлемдердің көлемдерін тағайындау үшін  ең төмен күн көріс мөлшері – 29 698 тенге. 

 

3.2  Рудный қаласының 2019-2021 жылдарға арналған түсімдері мен шығындары 

Рудный қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті Рудный қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 313 шешімімен бекітілген. Әділет органында 2018 жылдың 25 желтоқсанда № 8182 тіркелді.

2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеттің жобасын әзірлеу Бюджет кодексінің нормасына,  Қазақстан Республикасының 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму Болжамының көрсеткіштеріне және Рудный қаласының 2016-2020 жылдарға арнлаған аумағын дамыту Бағдарламасына сәйкес  әзірленеді.

Рудный қаласының бюджет кірістері келесі сомаларды бекітілген:

- 2019 жылға  -  16 852 030,0 мың теңге сомасында;

- 2020 жылға  – 15 589 771,0 мың теңге сомасында;

- 2021 жылға – 17 946 809,0 мың теңге сомасына.

2019-2021 жылдарға кірістер құрылымы бойынша бюджет келесі диаграммамен ұсынылды мың теңге

 

003

 

004

 

005

Рудный қаласының бюджет шығыстары келесі сомаларды бекітілген:

- 2019 жылға  – 16 852 030,0 мың теңге;

- 2020 жылға – 15 589 771,0 мың теңге;

- 2021 жылға – 17 946 809,0 мың теңге.

 

2019-2021 жылдарға шығыстар құрылымы бойынша бюджет келесі диаграммамен ұсынылды.

 

006

2019 жылға арналған функционалдық топ бойынша бюджет шығындары, мың теңге

007

 2020 жылға арналған функционалдық топ бойынша бюджет шығындары, мың теңге

 

008

2021 жылға арналған функционалдық топ бойынша бюджет шығындары, мың теңге

 

Рудный қаласының бюджеті барлық жоспарлы кезеңге жалпы сипаттағы трансферттерден тұрады, - Рудный қаласының бюджетінен жоғары тұрған облыстық бюджетке берілетін алымдар.

 

009

 

010

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған шығындарға талдау.

 Продуктивті жұмыспен қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлік 2017-2021 жылға дейін бамыту Бағдарламасы шеңберінде Рудный қаласының бюдетінде келесі шығындар қарастырылған.

 

011

3.2.1 Білім

2019 жылы білім саласында қарастырылған шығындар:

- жалпы білім беру – 4 111 938 мың теңге;

- мектепке дейінгі білім беру және оқыту – 989 875 мың теңге;

- қосымша білім беру (мектептен тыс мекемелер) – 282 583 мың теңге;

- оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу – 141 749 мың теңге;

- жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынға ақшалай қаражат төлемі – 53 141 мың теңге;

- жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер – 190 мың теңге;

- ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары (мектептер, балабақшалар) – 243 087 мың теңге;

- Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу – 13 751 мың теңге.

Одан басқа, республикалық бюджет трансферттері есебінен қарастырылған шығындар:

- білім саласындағы ұстаздарға  бастауыш, далпы орта білім беретін оқу бағдарламасын іске асырған ұстаздаға  2019 жылы қосымша ақы төлеу аталған бағыт бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленгендердің сомасы – 443601 мың теңге сомасында жаңартылған оқу үшін сомаларды қайтару;

- негізгі қызметкердің оқуда болған уақытында оның орнын ауыстырған тұлғаға 722 мың теңге төлеу;

- ұлттық біліктілік тестінен өткен мұғалімдерді ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттырғаны үшін  және бастауыш, орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асырған ұстаздарға 2019 жылғы 85 930 мың теңге сомасында қосымша төлем.

3.2.2 Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету

2019 жылы әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында  қарастырылған шығындар:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 6 165 мың теңге сомасында;

- жұмыспен қамту бағдарламасы 247 051 мың теңге сомасында;

- тұрғын үй көмегін көрсету 23 000 мың теңге сомасында;

- жергілікті өкілетті органдар шешімдері бойынша арнайы санатты мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек 70 569 мың теңге сомасында;

- үйді оқып тәрбиеленетін мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз етуге 9 135 мың теңге сомасында,

- мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық заттармен қамтамасыз ету және іс-қимыл тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметін оңтайландырудың жеке бағдарламасына сәйкес  ұсынуға 48 815 мың теңге сомасында.

Одан басқа, республикалық бюджет трансферттері есебінен Қазақстан Республикасының 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің құқытарын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту іс-шара Жоспарын іске асырудың  шығындары 51 595 мың теңге сомасында, оның ішінде:

- техникалық қосалқы (компенсаторлы) тізбесін кеңейтуге 17 920 мың теңге сомасында,

- мүгедектерді міндетті гигиеналық заттармен қамтамасыз етудің нормасын ұлғайтуға  33 675 мың теңге сомасында.

- Соынмен қатар, республикалық бюджет трансферттері есебінен  2019 жылға арналған еңбек нарығын дамытуға шығындар жоспарланған, оның ішінде:

- жалақыны және жастар практикасын 41 611 мың теңге сомасында жартылау субсидиялауға;

-       ҚР Үкіметі анықтаған өңірлерге өз еркімен көшкен тұлғаларға мемлекеттік қолдау іс-шарасын көрсетуге және  көшуге көсектескен жұмыс берушілерге  50 501 мың теңге сомасына көмек көрсету;

3.2.3 Жұмыссыздық деңгейі

 Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы мөлшерінің жұмыссыздықтың үлесі.

 

012

3.3 Тапшылық (профицит)

 

Рудный қаласы бюджетінің тапшылығы (профициті) келесі көлемдерде бекітілген:

- 2019 жылға –  –  20 000  мың теңге;

- 2020 жылға – 0 теңге;

- 2021 жылға – 0 теңге.

Бюджет заңнамасына сәйкес бюджет үш жылдық  кезеңге бекітіледі. Қаржыландыру жылы ішінде  күтілетін орындауды ескере отырып бюджетке түзету, нақтылау енгізілетінін ескере отыру қажет.

 

Logo 25

m 3 0 kz

simvily ru