Рудный қаласының 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті (бекітілген бюджет)

1. Бөлім. Бюджеттік процесс.

Бюджет процесi – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, мемлекеттiк органдардың қызметi. 

 

001

Бюджеттік процесс бірыңғай бюджет сыныптамасының негізінде іске асырылады.

2. Бөлім Жоспарлау кезеңі

 

002

3. Бөлім Бюджет жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау) сатысында

3.1  Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері

-  жалақының орташа мөлшері – 42 500 теңге;

- мемлекеттік негізгі ең төмен зейнетақы төлемінің көлемі – 16 839 теңге;

-  ең төмен зейнетақы  көлемі – 38 636 теңге;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақы тағайындау, сонымен қатар айыппұл санкцияларын, салық және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2 651 теңге;

- негізгі әлеуметтік төлемдердің көлемдерін тағайындау үшін  ең төмен күн көріс мөлшері – 31 183 тенге. 

 3.2  Рудный қаласының 2020-2022 жылдарға арналған түсімдері мен шығындары 

Рудный қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті Рудный қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 418 шешімімен бекітілген. Әділет органында 2019 жылдың 30  желтоқсанда № 8846 тіркелді.

2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджеттің жобасын әзірлеу Бюджет кодексінің нормасына және Рудный қаласының 2016-2020 жылдарға арнлаған аумағын дамыту Бағдарламасына сәйкес  әзірленеді.

Рудный қаласының бюджет кірістері келесі сомаларды бекітілген:

- 2020 жылға  – 22 971 969,0 мың теңге сомасында;

- 2021 жылға  – 23 926 888,0   мың теңге сомасында;

- 2022 жылға – 25 320 444,0 мың теңге сомасына.

2020-2022 жылдарға кірістер құрылымы бойынша бюджет келесі диаграммамен ұсынылды мың теңге

 

003

 

004

 

005

Рудный қаласының бюджет шығыстары келесі сомаларды бекітілген:

- 2020 жылға  – 22 971 969,0 мың теңге;

- 2021 жылға – 23 926 888,0 мың теңге;

- 2022 жылға – 25 320 444,0 мың теңге.

2020-2022 жылдарға шығыстар құрылымы бойынша бюджет келесі диаграммамен ұсынылды.

 

006

2020 жылға арналған функционалдық топ бойынша бюджет шығындары, мың теңге

 

007

2021 жылға арналған функционалдық топ бойынша бюджет шығындары, мың теңге

 

008

2022 жылға арналған функционалдық топ бойынша бюджет шығындары, мың теңге

Рудный қаласының бюджеті барлық жоспарлы кезеңге жалпы сипаттағы трансферттерден тұрады, - Рудный қаласының бюджетінен жоғары тұрған облыстық бюджетке берілетін алымдар.

 

009

 

010

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған шығындарға талдау.

Продуктивті жұмыспен қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлік 2017-2021 жылға дейін бамыту Бағдарламасы шеңберінде Рудный қаласының бюдетінде келесі шығындар қарастырылған.

 

011

3.2.1 Білім

2020 жылы білім саласында қарастырылған шығындар:

- жалпы білім беру – 6 182 418 мың теңге;

- мектепке дейінгі білім беру және оқыту – 1 459 676,0 мың теңге;

- қосымша білім беру (мектептен тыс мекемелер) – 317 308,0 мың теңге;

- оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу – 146 710,0 мың теңге;

- жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынға ақшалай қаражат төлемі – 55 001,0 мың теңге;

- жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер – 197,0 мың теңге;

- ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары (мектептер, балабақшалар) – 17 380,0 мың теңге;

- патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу – 14 361,0 мың теңге.

Одан басқа, республикалық бюджет трансферттері есебінен қарастырылған шығындар:

- 2020 жылға мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік ұйымдары педагогтарының еңбекақысын ұлғайтуға 247 470,0 мың теңге сомасында;

-  2020 жылға мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге 20 025,0 мың теңге сомасында;

- 2020 жылға арналған орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге 95 647,0 мың теңге сомасында;

- 2020 жылға арналған мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтарының еңбекақысын ұлғайтуға 1 026 987,0 мың теңге сомасында;

-  2020 жылға арналған мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтарына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге 265 723,0 мың теңге сомасында.

3.2.2 Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету

 2020 жылы әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында  қарастырылған шығындар:

- 41 026,0 мың теңге сомасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

- жұмыспен қамту бағдарламасы 371 867,0  мың теңге сомасында;

- тұрғын үй көмегін 9 723,0 мың теңге сомасына көрсету;

- жергілікті өкілетті органдар шешімдері бойынша арнайы санатты мұқтаж азаматтарға 101 256,0 мың теңге сомасына әлеуметтік көмек;

- үйді оқып тәрбиеленетін мүгедек-балаларды 10 021,0 мың теңге сомасына материалдық қамтамасыз ету;

- белгілі тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды 115 046,0 мың теңге сомасында әлеуметтік бейімдеу;

- зейнеткерлер мен мүгедектерге 243 502,0 мың теңге сомасында әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталықтары;

- мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес 69 425,0 мың теңге сомасына мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету;

- Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін 42 985,0 мың теңге сомасында қамтамасыз ету;

- Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу және жеткізу бойынша 1 107,0 мың теңге сомасына қызметтерге ақы төлеу;

- Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын 77 791,0 мың теңге сомасына жақсарту;

- Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты            11 328,0 мың теңге сомасына орналастыру;

Бұдан басқа, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен шығыстар жоспарланған:

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға 59 439,0 мың теңге сомасында, оның ішінде:

- техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар тізбесін кеңейтуге 21 485,0 мың теңге сомасында;

- мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын 37 954,0 мың теңге сомасына ұлғайту;

2020 жылға арналған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 27 698,0 мың теңге сомасына төлеу;

Сондай-ақ республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 2020 жылға еңбек нарығын дамытуға 178 961,0 мың теңге сомасында шығыстар жоспарланған, оның ішінде:

- 53 497,0  мың теңге сомасына жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар практикасына;

 - ҚР Үкіметі белгілеген өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын азаматтарға және қоныс аударуға көмек көрсететін жұмыс берушілерге 121 487,0 мың теңге сомасына мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге;

- жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беруге, соның ішінде NEET санатындағы жастар, аз қамтылған көп балалы отбасы мүшелері, аз қамтылған еңбекке жарамды мүгедектерге 3 977,0 мың теңге сомасын ұсыну;

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 15 758,0 мың теңге сомасында.

          Мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің еңбекақысына қосымша ақы белгілеуге 41 741,0 мың теңге сомасында.

3.2.3 Жұмыссыздық деңгейі

Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы мөлшерінің жұмыссыздықтың үлесі.

 

012

3.3 Тапшылық (профицит)

 Рудный қаласы бюджетінің тапшылығы (профициті) келесі көлемдерде бекітілген:

- 2020 жылға – 0 теңге;

- 2021 жылға – 0 теңге;

- 2022 жылға – 0 теңге.

Бюджет заңнамасына сәйкес бюджет үш жылдық  кезеңге бекітіледі. Қаржыландыру жылы ішінде  күтілетін орындауды ескере отырып бюджетке түзету, нақтылау енгізілетінін ескере отыру қажет.

Logo 25

m 3 0 kz

simvily ru