Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 181 «Рудный қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы әзірленді.
Аталған шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Рудный қаласының 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджетінің көлемдерін нақтылау болып табылады.
Жоба 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдау бюджеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың бюджеттік заңнаманы сақтай отырып үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында сонымен қатар 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін Рудный қаласының қалалық бюджетін сапалы орындау үшін қажет.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:
Рудный қаласы әкімдігінің «Горняцк және Қашар кенттерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы әзірленді.
Подробнее: «Горняцкий және Қашар...Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Рудный қалалық мәслихатының «Рудный қаласының 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешімінің жобасы әзірленді.
Подробнее: Рудный қалалық мәслихатының...